Көлік министрі Марат Қарабаев жұмыс сапарымен Абай облысына келді

Көлік министрі Марат Қарабаев жұмыс сапарымен Абай облысына келді
 
Көлік министрі Марат Қарабаев жұмыс сапарымен Абай облысына келді. Дәл қазіргі сәтте көлік ведомствосының басшысы өңір тұрғындарымен кездесу өткізуде. Сонан соң Марат Қарабаев азаматтарды жеке қабылдайды.
 
Бұдан әрі Марат Қарабаев жалпы ұзындығы 200 шақырымға жуық республикалық маңызы бар «Семей-Өскемен» жолын автомобиль көлігімен жүріп өтіп, орташа жөндеу жұмыстары барысымен танысады.
 
Ертең, 28 қыркүйекте Министрдің жұмыс сапары Шығыс Қазақстан облысында жалғасады, онда ол өңір тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке қабылдайды. Сонымен қатар Осинов асуын қайта құру учаскесіне, Катон-Қарағай кентінің әуежайына және Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін ең ұзын көпірге барады.