Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Қоғамдық кеңесі жанынан ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға көліктің қолжетімділігі туралы сараптамалық комиссия құрылды

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Қоғамдық кеңесі жанынан ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға көліктің қолжетімділігі туралы сараптамалық комиссия құрылды

2024 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Қоғамдық кеңесінің отырысында көлік саласындағы бірқатар мәселелер, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын орындау нәтижелері, кадрлар даярлау және т. б. мәселелер қаралды.

Ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға көлік және көлік инфрақұрылымының қолжетімділігі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Отырыс шеңберінде осы бағыттағы Сараптамалық комиссияның құрамы бекітіліді және Комиссияның жұмыс жоспарының бастапқы жобасы таныстырылды.

Сондай-ақ, теңіз кемелерінің аға командалық және қатардағы құрамын оқыту бойынша қабылданып жатқан шаралар мен қазақстандық жоғары оқу орындарының теңіз академиясы түлектеріне сұраныс мәселесі талқыланды.