«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бүгін Астана қаласында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бүгін Астана қаласында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.

Аталған сенбілікке ҚР Көлік министрлігінің қызметкерлері де белсенді қатысып, қоршаған ортаны сақтауға өз үлестерін қосты. Тазалық акциясына ведомствоның басшыларынан бастап, барлық комитеттер мен департаменттерден 200-ден астам қызметкер қатысты. Министрлік өкілдері елорданың көрікті жерлерінің біріне айналған ботаникалық саябақтың бойындағы Бұқар жырау көшесінің 1500 метр аумағын (Қабанбай батыр даңғылы мен Мәңгілік ел көшесінің аралығы) тұрмыстық және өзге де қалдықтардан тазалап, астаналықтардың жиі серуендеп тынығатын қоғамдық орынды көркейтуге атсалысты. Тұтастай алғанда, ведомствоның қызметкерлері экологиялық іс-шараларға жиі қатысып, еліміздің табиғатын сақтауға өз үлестерін қосып жүргенін айта кеткен орынды.