Көлік қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтау!

Көлік қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтау!

        Қазақстан – жер бетінің екі пайызын, Азия құрылығының 6,1 пайызын алып жатқан кең байтақ ел.

         Бүгінде елімізде «Ұлы Жібек жолы» қайта жанданып, күре жолдардың бойына қан жүгірді.

         Автомобиль көлігімен, теңіз және теміржол тасымалы дамып, Қазақстан әлемдегі ірі транспорттық хабтардың біріне айналуда.

         Темір жол саласында:         

 Тәуелсіздік жылдарында елімізде жаңадан Ақсу-Дегелең, Хромтау-Алтынсарин,  Шар-Өскемен, Жетіген-Қорғас, Өзен-Түркіменстан Республикасы шекарасы, Арқалық-Шұбаркөл, Жезқазған-Бейнеу, Боржақты-Ерсай, Шу-Алматы теміржолы салынды.

          2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында Достық-Ақтоғай-Мойынты теміржолы қайта жаңғыртылады.

Бұл жобаның жүзеге асуы Қазақстанның Еуропа, Ресей, Қытай нарығына транзиттік жүк тасымалдау әлеуетін арттыра түседі.

         Күн санап елімізде теміржолдың қарқынды дамуы – осы салада тер төгіп жүрген жандардың еңбегі екені сөзсіз.