Құрметті Көлік қызметкерлері!

Құрметті Көлік қызметкерлері!

Сіздерді Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

  Көлік саласы әр кезде еліміздің экономикасы мен өндірісінің барлық буынын байланыстыратын аса маңызды сала болып табылады. Бұл саланың еліміздің дамуына тигізіп отырған ықпалы орасан зор.

   Көлік саласын қазіргі заманғы озық құралдармен жабдықтап, жұмыс сапасын арттыру жүк және жолаушы тасымалы көлемін еселеуге игі ықпалын тигізуде.

         Тәуелсіздік жылдарынан бері Көлік саласының дамуына өз үлестерін қосқан бүгінде қаншама ардақты ардагерлеріміз бар. Олардың еңбектерін ешқашан естен шығарған емеспіз. Дәстүрге айналған кәсіби мереке аясында құрметті автокөлікші ардагерлеріміз бен үздік автокөлікші мамандарын марапаттап, құрмет көрсетіп келеміз!

         Қадірменді әріптестер!

        Көлік саласын көркейтіп, өркендетуге жұмсаған аға ұрпақ өкілдеріне, еңбек ардагерлеріне және аянбай еңбек етіп келе жатқан Көлік саласы еңбеккерлеріне алғыс білдіремін.

   Егеменді еліміздің игілігін молайту мақсатындағы ерен еңбектеріңіз бен  ұмтылыстарыңыздың жемісті бола беруіне тілектеспін.

         Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт – береке тілеймін!

         Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

Құрметпен, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы Самат Гилимов

 

2 тамыз 2020 жыл

Нұр-Сұлтан қаласы