Құрметті Теміржолшылар қызметкерлері!

Құрметті  Теміржолшылар қызметкерлері!

Сіздерді Теміржолшылардың кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

     Мемлекет басшысы қойған тапсырмаларға орай теміржол­ саласында жүзеге асқан ша­ра­лар аз емес. Жалпы, сіз­дер­дің салаларыңыз ел кеңіс­ті­гіндегі экономиканың тұтас­ты­ғын қамтамасыз етуші ин­фра­құ­рылымдық негіз болып табылады.

    Тәуелсіздік жылдарында елімізде жаңадан Ақсу-Дегелең, Хромтау-Алтынсарин,  Шар-Өскемен, Жетіген-Қорғас, Өзен-Түркіменстан Республикасы шекарасы, Арқалық-Шұбаркөл, Жезқазған-Бейнеу, Боржақты-Ерсай, Шу-Алматы теміржолы салынды.

      2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында Достық-Ақтоғай-Мойынты теміржолы қайта жаңғыртылады.

    Бұл жобаның жүзеге асуы Қазақстанның Еуропа, Ресей, Қытай нарығына транзиттік жүк тасымалдау әлеуетін арттыра түседі.

         Күн санап елімізде теміржолдың қарқынды дамуы – осы салада тер төгіп жүрген жандардың еңбегі екені сөзсіз.

         Қадірменді әріптестер!

     Егеменді еліміздің игілігін молайту мақсатындағы ерен еңбектеріңіз бен  ұмтылыстарыңыздың жемісті бола беруіне тілектеспін.

   Зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт – береке тілеймін!

 Сіздер­дің еңбектеріңіз Қазақстан Рес­пуб­ликасы экономикасының тұрақты дамуының негізі болған, бұдан былай да солай болып қала береді.

         Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!


         Құрметпен, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық           даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы Самат                   Гилимов