Көлік министрі Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесті

Көлік министрі Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесті

Облыс тұрғындары республикалық жолдардың жай-күйі, қалааралық және облысаралық автобус тасымалдарын жақсарту, қоғамдық көлік жүргізушілерінің жалақысын көтеру, карьерлерден қиыршық тас тиейтін ауыр жүк көліктеріне бақылауды күшейту және т.б мәселелерді көтерді.

Сонымен қатар, кездесу барысында жергілікті тұрғындар темір жол саласына қатысты мәселелерді де көтерді, атап айтқанда Хромтау теміржол вокзалына жөндеу жұмыстарын жүргізу, теміржол вагондарын жаңарту.    

«Жалпы биыл вагондарды жақсы алып жатырмыз, былтыр 113, биыл 194 локомотив алдық, яғни жылжымалы құрам жақсы жаңарды. Жолаушылар тасымалдайтын былтыр 118, биыл 140, келесі жылы 240 вагон аламыз. Мәселе магистралды жүйеде. Магистралды жүйелеріміз бойынша жылына 1400 шақырым жөндеу өткізіп жатырмыз, соның 540 шақырымы күрделі жөндеуден өтті. Біздің алдымызда тұрған ең үлкен мәселе ол магистралды темір жолдарды жөндеу»-деді министр.