
Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Дүниежүзілік банк тобының Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) өкілдерімен кездесу өткізді.
Тараптар теміржол көлігі және авиация саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру шеңберінде ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.
Қазақстандағы теміржол инфрақұрылымын жаңғырту және әуежайларды дамыту үшін инвестицияларды тартуға, сондай-ақ көлік қызметтерінің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін озық технологиялар мен стандарттарды енгізуге ерекше назар аударылды.