Қызылорда облысы бойынша су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік шаралары жүргізілді

Қызылорда облысы бойынша су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік шаралары жүргізілді

       ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің тапсырмасы бойынша, Қызылорда облысы әкімінің орынбасарымен бекітілген 2020 жылғы облыс су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын құзыретті мемлекеттік мекелермен бірлесіп ұйымдастыру туралы кешенді жоспарға сәйкес, Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау Инспекциясы, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі қызметкерлерінің және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен 2020 жылғы 25 шілде күні Шиелі ауданы Бәйгеқұм елді мекені Ханқожа көлінде рейдтік шаралар жүргізілді.

 Сондай – ақ, көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 15 шілдедегі №49 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының су айдындарында серуендеуге және экскурсиялық бағытта пайдаланған су көліктеріне пайдалануға тыйым салынады.

         Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 25 шілде күні  Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау Инспекциясы, Қызылорда облысы бойынша экология департаменті қызметкерлерінің және «TAZAALEM» еріктілердің қатысуымен Қызылорда қаласы маңында орналасқан Эдельвейс, Көксу және ПМК-29 саяжайындағы Қалғандария су айдындарында рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Іс-шаралар барысында демалыс орындарда және суға түсуге тыйым салынған орындарда демалушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.