
Биыл Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында автомобиль жүк тасымалының айтарлықтай өсімі байқалды. 2024 жылдың басынан бері 170 мың бланк алынды. Салыстырмалы түрде 2023 жылдың 8 айында 113.000-нан астам бланк пайдаланылған.
Осыған орай, кездесу барысында екі жақтың техникалық мамандары аталған жобаны жүзеге асыру үшін қажетті практикалық іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспарын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар биыл қарашада электрондық рұқсат бойынша алғашқы тестілік жол жүруді өткізуге және 2025 жылғы қаңтардан бастап рұқсат бланкілерімен электрондық алмасу жүйесін іске қосуға келісті.