
ҚР ИИДМ Көлік комитеті "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығына сәйкес, "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 3.07.2019 жылғы № 474 бұйрығы негізінде аумақтық көліктік бақылау инспекцияларының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.
Талдау нәтижелері бойынша мынадай бұзушылықтар анықталады:
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК), қысқартылған іс жүргізуді қолдану бөлігінің мүлтіксіз сақталуын, ӘҚБтК-де белгіленген іс жүргізу нормаларының, оның ішінде іске қатысушы адамдардың заңмен кепілдік берілген құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету, әкімшілік істерді қарау процесін аудио-,бейнежазба құралдарымен тіркеуді қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылық құқығын пайдаланбаған немесе тиісінше пайдаланбаған соң әкімшілік құқық бұзушылықты қарау бойынша шаралардың мүлтіксіз қабылдануын қамтамасыз, инспекция қызметкерлері арасында тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ техникалық құралдарды пайдалану ережелері талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.
Сондай-ақ, Көлік комитетінің басшылығы тоқсан сайынғы негізде аумақтық инспекция басшыларының қатысуымен қызметкерлердің бақылау қызметін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері бойынша селекторлық кеңестер өткізеді.
Сонымен қатар, еңбек және атқарушылық тәртіпті бұзғаны үшін аумақтық инспекцияның 150 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды (23 – қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту, 27 – қатаң сөгіс, 38 – сөгіс, 62 ‒ ескерту).
Бұдан басқа, 2019-2020 жылдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша әлсіз жұмыс үшін көліктік бақылау инспекциясының 8 басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды (БҚО, ШҚО, Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау және Алматы облыстары, Алматы қаласы және Нұр-Сұлтан қаласы).
Сонымен қатар, барлық жылжымалы және стационарлық көліктік бақылау бекеттерінде лауазымды тұлғаға пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы тиісті жадынамалар орнатылғанын хабарлаймыз, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы жүк тасымалдаушыларға 1424 Call-орталық арқылы ақпарат беруге болады.
Бұл ретте, азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою мақсатында Комитеттің ахуалдық орталығында 98-35-35 нөмірлі "сенім телефоны" және "WhatsApp" мессенджері +77080880800 қарастырылған.
Айта кету керек, ағымдағы жылы "Adaldyq alany" жобалық кеңсесінің өкілдерін және жұртшылықты тарта отырып, көліктік бақылау бекеттерінің мониторингі бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда.
ҚР ИИДМ Көлік комитетінің баспасөз қызметі