Атырау облысында карантин режиміне қарамастан автобус тасымалымен айналысқан тасымалдаушылардан бірқатар заң бұзушылықтар анықталды

Атырау облысында карантин режиміне қарамастан автобус тасымалымен айналысқан тасымалдаушылардан бірқатар заң бұзушылықтар анықталды

Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 17 шілдедегі «Атырау облысы аумағында коронавирус инфекциясының (COVID-2019) таралуын азайту бойынша қатаң карантин шараларын одан әрі күшейту туралы» №57 қаулысына сәйкес бірқатар шектеулер қойылған болатын.

         Уақытша шектеулер барысында, құзырлы органдардың қалалар және ауылдық елді-мекендер арасында автобус тасымалы тоқтатылған болатын.  Алайда, Атырау облысы көлік прокуратурасы мен Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Атырау облысы бойынша Полиция департаменті қаулыға сәйкес автобуспен жолаушы тасымалдаушылардың  қалалар және ауылдық елді-мекендер арасында сапарларуына тосқауыл болу мақсатында бақылау жұмыстарын күшейткен болатын.

         Нәтижесінде ағымдағы жылдың 27-ші шілде күні екі автобустың заңды өрескел бұзғандықтары анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласы авто бекет маңындағы ықшам ауданы тұсында мемлекеттік нөмері «573YJA02», «Yutong» маркалы автокөлік құралы 36 адамды «Атырау-Шымкент» қалалары бағытында тасымалдамақ болған. Жолаушылар автобусын Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының мамандары тексеру барысында бірнеше заң бұзушылықтарды анықтады.

Атап айтқанда:


        - Жолаушыларды, багажды автомобильмен тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдауды, сондай-ақ жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық қарап-тексеруден өтпеген автокөлiк құралдарын пайдалануға шығарғандығы үшін, сондай-ақ рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық қарап-тексеруден өтпеген жүргiзушiнiң басқаруына рұқсат бергендігі үшін жолаушы тасымалдаушы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 590 бабының 8 бөлімі бойынша;
         - Жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық қаларалық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асырған кезде жүргiзушiлердiң еңбек және демалыс режимiн тiркейтiн бақылау құрылғыларынсыз (тахографтарсыз) автокөлiк құралын пайдаланғаны үшін жолаушы тасымалдаушы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 572 бабы 1 бөлімінің 4 тармағы бойынша;
         - Автомобиль көлігімен жолаушыларды және багажды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін жолаушы тасымалдаушы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 571 бабының 2 бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

        Бұдан бөлек, Атырау қаласы Алмалы елді-мекені маңынан мемлекеттік нөмері «818HAZ13», «Van Hool» маркалы автокөлік құралы  40-тан астам шетелдік азаматты Атырау-Шымкент қалалары бағытында тасымалдамақ болды. Тексеру барысында бірқатар заң бұзушылықтар анықталды.

  
         - Автомобиль көлігімен жолаушыларды және багажды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін жолаушы тасымалдаушы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 571 бабының 2 бөлімі бойынша;
         - Автокөлік құралдары жүргізушілерінің жолаушыларды, багажды немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде еңбек және демалыс режимін бұзуғаны үшін аталмыш автобус жүргізушісі ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 572 бабының 2 бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

         Айта кету керек, Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы мамандарынан бөлек, Атырау облыстық Полиция департаменті қызметкерлері де жоғарыда көрсетілген екі автобус бойынша өз құзыры шеңберінде құқықбұзушылықтарды анықтап, тиісті шараларды қолға алды.      

         Бұған қоса, анықталған құқықбұзушылықтарға сәйкес құжаттар тиісті шараларды қолға алу үшін ары қарай Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына жолданатын болады.

        Атырау облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы жолаушылар мен багаждарды тасымалымен айналысатын автобус иелерінің заңбұзушылықтарына жол бермеу мақсатында күшейтілген режимде бақылау жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан Республикасының заңдылықтарын сақтау қажеттілігін ескертеді.