ҚР ИИДМ Көлік комитеті жазғы маусым кезінде су айдындарында шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалану нормаларын сақтау қажеттілігі туралы ескертеді

ҚР ИИДМ Көлік комитеті жазғы маусым кезінде  су айдындарында шағын көлемді кемелерді  қауіпсіз пайдалану нормаларын сақтау қажеттілігі туралы ескертеді

Ағымдағы жылдың 24 шілде күні Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында орналасқан жағажайда қауіпсіздік-құтқару кеудешесі жоқ күйде 1980 жылы туған Б. есімді ҚР азаматы тіркеуде жоқ гидроциклмен су айдынына шығып, су бетінде маневр жасай бастаған. Кезекті  бұрылыста кемеде тұра алмай, суға құлап кеткен.

Нәтижесінде кеме жүргізушісі Б. есімді азамат суға батып кетті. Бұл азаматтың денесіне іздестіру жұмыстарын Алматы облысы бойынша ТЖД қызметкерлері жүргізуде.

Өз кезегінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті барлық кеме жүргізушілерге еліміздің су айдындарында шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалану нормаларын сақтау қажеттілігі туралы ескертеді.

 

Шағын көлемді кемелерді мынандай жағдайда пайдалануға тыйым салынады:

- киетін және жапсырылған құтқару кеудешелерсіз;

- шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліксіз;

- жолаушылар сыйымдылығы нормаларының сақталмаған;

- ақаулы техникалық жағдайда және т. б.

 

Жоғарыда көрсетілген қауіпсіздік нормаларын сақтау су көлігіндегі көлік оқиғаларының алдын алып, адамдардың өмірін сақтап қалуы мүмкін.

 

Айта кетсек, флотта апаттардың алдын алу және судағы адамдардың өмірін сақтау мақсатында Көлік комитетінің аумақтық бөлімшелері ағымдағы жылдың             1 маусымынан бастап еліміздің барлық су айдындарында «Скутер» акциясын бастаған болатын.

Бүгінгі күні көліктік бақылау органдарының қызметкерлері 1205 шағын көлемді кемелерге тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 244 бұзушылық анықталды, жалпы сомасы 1 млн. 518 мың теңгеге айыппұл салынып, 30 кеменің пайдалануына тыйым салынды.

 

Егер Сіз еліміздің су айдындарында кемелерді қауіпсіз пайдалану талаптарын бұзудың куәгері болсаңыз, осы фактілер туралы тәулік бойы жұмыс істейтін           ҚР ИИДМ Көлік комитетінің Ахуалдық орталығының нөміріне хабарлауыңызды сұраймыз немесе фото және бейне материалдарды messenger Whats App  8-708-088-08-00-ге жібере аласыз.

 ҚР ИИДМ Көлік комитетінің баспасөз қызметі