
Жақында, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының басшысы Р.Сейталиннің қатысуымен өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті.
Брифинг барысында Көліктік бақылау органдары қызметінің негізгі бағыттары көлік-коммуникация кешені операторларының нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ автомобиль, темір жол және су көлігі түрлерінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын ҚР ратификациялаған халықаралық шарттарды сақтауын бақылауды жүзеге асыру, бұзушылықтарды анықтау және оларға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау мәселелеріне қатысты жан-жақты түсініктеме берді – Инспекция басшысы Руслан Сейталин.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бұл жұмыстың тиімділігін арттыру үшін басқа мемлекеттік атқарушы және бақылаушы органдарымен өзара іс-қимыл барысында кешенді түрде жүргізеді.
Бұл ретте, инспекцияның маңызды функцияларының бірі мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.
АНЫҚТАМАЛЫҚ
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88 "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Сондай-ақ көрсетілген Заңмен мемлекеттік қызметтер көрсетудің мынадай негізгі қағидаттары айқындалған:
көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдарымен, соның ішінде Солтүстік қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясымен, Үкіметтің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес, мемлекеттік қызметтердің 19 түрі көрсетіледі:
- 7 Автомобиль көлігі саласында
- 9 су көлігі саласында
- 3 темір жол көлігі саласында.
Бұл ретте 12 мемлекеттік қызмет ақылы негізде және 7 мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін жұмыстың барынша қолайлылығы мен ашықтығын құру мақсатында Мемлекеттік қызметтерді алуға өтінімдер беру процесі автоматтандырылды және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы электрондық үкімет порталымен жүзеге асырылады (тек шетелдік өтініш берушілер ғана "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және ірі көлемді көлік құралдарының (шетелдіктерді қоса алғанда) жүріп өтуіне арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызметі бойынша қағаз нысанда өтінім бере алады.
Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру үшін Инспекция тұрақты түрде азаматтар арасында бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, көліктік бақылау бекеттерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыларға тікелей мемлекеттік органда түсініктеме береді. Мәселен, 2020 жылдың 1 жартыжылдығында инспекция қызметкерлері 95 түсіндіру іс-шараларын, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметкерлерімен 2 оқу семинарын өткізді, облыстық баспа басылымдарында мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты мәселелер бойынша ақпаратымен 10 жарияланым орналастырылды.
Сондай-ақ, көліктік бақылау инспекциясында қызмет алушылар үшін өзіне-өзі қызмет көрсету секторы ұйымдастырылды және электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алуға өтінім беру мүмкіндігі туралы өтініш берушілермен қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті – Р.Сейталин.
Мемлекеттік қызметтерді алуға арналған өтініштер бойынша бас тарту нормативтік құжаттарда көрсетілген негіздер бойынша қатаң сәйкестікте жүзеге асырылғанын атап өткен жөн. Өткен жылдардағыдай, инспекция 2020 жылдың өткен кезеңінде негізсіз бас тартуға жол берген жоқ. Бас тарту негізінен келесі себептер бойынша шығарылды:
Мемлекеттік қызмет үшін белгілі бір алым көзделген кезде төлемнің болмауы;
өтініш берушінің жалған мәліметтер беруі;
тізбеге сәйкес құжаттарды ұсынбау;
объектілердің, деректер мен мәліметтердің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
өтініш берушінің қызметті алудан бас тартуы.
Ағымдағы жылдың басынан бастап инспекцияға іс жүзінде барлық өтініштер электрондық түрде келіп түседі, келіп түскен арыздардан тек 76 өтініш "Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және ірі көлемді көлік құралдарының (шетелдіктерді қоса алғанда) жүріп өтуіне арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызметі бойынша шетелдік өтініш берушілерден қағаз түрінде қабылданды.
СҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Руслан Сейталин мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін көліктік бақылау инспекциясында ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі және сыртқы бақылау жүйелі түрде жүргізілетінін жеткізді.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерінің тиімділігін арттыру және оңтайландыру мақсатында нормативтік-құқықтық актілердегі коллизияларға талдау жүргізіліп, оларды жою үшін ұсыныстар жіберіледі.
https://www.facebook.com/qyzyljartv/videos/313045600069321/?sfnsn=mo&d=n&vh=e