Көлік министрлігінде Құрылысшылар күні аталып өтті

Көлік министрлігінде Құрылысшылар күні аталып өтті

Елімізде тамыз айының екінші жексенбісінде дәстүрлі түрде Құрылысшылар күні аталыпөтіледі. Атаулы күн құрылыс саласының қызметкерлерін, оның ішінде автожол инфрақұрылымын дамытуда еңбек етіп келе жатқан қызметкерлерді біріктіретін кәсіби мереке.

Биыл Көлік министрі Марат Қарабаев дәстүрлі түрде автожол саласының үздік мамандарының еңбегін атап өтіп, құрмет грамоталары мен алғыс хаттарды, сондай-ақ, үздік жетістіктері үшін медальдарды табыстады. Аталған марапаттар жол саласы қызметкерлерінің көлік инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесінің маңыздылығының көрінісі. Іс-шараға Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан Көлік министрлері қатысты. Бұл автожол желісін дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың айқын бейнесі.

Кәсіби мереке қарсаңында ведомство басшысы Марат Қарабаев Қазақстанның автожол саласының өкілдерін олардың жетістіктерімен және еліміздіңкөлік инфрақұрылымын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдіріп, құттықтады. Салтанатты іс-шара барысында ол ерекше көзге түскен қызметкерлерге құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыстап, еңбек жолындағы үздік жетістіктері үшін медальдармен марапаттады.

Жол құрылысы – инфрақұрылымның құрылысын ғана емес, сонымен қатар сауданы, туризмді және жалпы әл-ауқатты дамыту мақсатындағы іргетасты құру. Қазіргі уақытта еліміздегі автожолдардың жалпы ұзындығы 95 мың шақырымды құрайды, оның 25 мың шақырымы республикалық желіге, ал 70 мың шақырымы жергілікті желіге жатады.

Биыл еліміз жол-құрылыс жұмыстарымен 12 мың шақырым жолды қамтып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Айта кетейік, оныңішінде 7 мың шақырым жолдағы жұмыстарды биыл аяқтау межеленген. Аталған жетістіктер жол инфрақұрылымын жақсартуда және жол сапасын арттыруда айтарлықтай ілгерілеудің айқын көрінісі болмақ.

«Бүгінгі іс-шараға қатысқан Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан көлік министрлеріне алғысымды білдіремін!Қазақстан Орталық Азияның көлік инфрақұрылымын дамытуда сенімді серіктес болуға дайын. Бірлескен күш-жігер көлік жүйесін қауіпсіз және тиімді етуге мүмкіндік береді. Біздің жолдарымыз елдер арасындағы достықтың символына айналып, ынтымақтастығымыз өңірлерді дамыту барысында жаңа жетістіктерге жетсін.Айта кетейік, құрылыс саласыны еліміздің экономикалық өсуі мен әлеуметтік тұрақтылығы үшін маңызды. Біздің басты міндетіміз – жол инфрақұрылымын дамытуды жалғастыру. Қазақстанның көлік-логистикалық секторының негізіне айналған және лайықты құрметке ие болған жол саласының ардагерлеріне ерекше алғысымды жеткізгім келеді! Сіздердің атқарып жатқан еңбектерінің – күнделікті жүзеге асатын ауыр қызмет. Оладамдардың өмірі мен денсаулығы үшін басты назарға алынған үлкен жауапкершілік. Осы орайда, елеулі еңбектеріңіз еңбектеріңіз бен адалдықтарыңыз үшін сіздерге алғыс білдіремін!», – деді Көлік министрі Марат Қарабаев.