
Соңғы 2 жылда Қарағанды облысының аумағында жалпы сомасы 13,3 млрд. теңгеге 800 км астам облыстық маңызы бар автомобиль жолдары жөнделді. Ағымдағы жылы 13,6 млрд.теңге сомасына 561 км жөндеу жұмыстарымен қамтылды.
Салынған және жөнделген, пайдаланылатын автомобиль жолдарын сақтау маңызды мәселелердің бірі болып қалуда. Автожолдардың бұзылу факторларының бірі жүктерді қайта тиеу арқылы тасымалдауды жүзеге асыру болып табылады, бұл қолданыстағы жолға да, жаңадан салынған жолға да болмай қоймайтын салдарға әкеп соғады.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің нұсқауы бойынша, сондай – ақ, Қарағанды облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 09-17 шілде аралығында Қарағанды облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы жол полициясы қызметкерлерімен бірлесіп 27 самосвал көліктеріне тексеру жұмыстарын жүргізді. Қазақстан Республикасының көлік заңнамасын (шетелдік тасымалдаушылардың рұқсат беру жүйесінің талаптары, жолаушыларды, багажды немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автокөлік құралдары жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимі) бұзудың 47 фактісі анықталды., рұқсат етілген салмақтық параметрлерден асып кету, жүкті тауар-көлік жүкқұжаттарынсыз өзі аударғыштармен тасымалдау, рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық байқаудан өтпеген автокөлік құралдарын пайдалануға шығару) бойынша жалпы сомасы 6 млн.006 мың теңге әкімшілік айыппұл салу арқылы жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, жолдардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мүдделі мемлекеттік органдармен Қарағанды облысының аудандарына бірлескен іс-шаралар жоспары мен шығу кестесі бекітілді.
Айта кетсек, ағымдағы жылдың 6 айында 4606 жүк автокөлік құралдары тексерілді, анықталған бұзушылықтар бойынша 967 хаттама толтырылып, жалпы сомасы 33 млн.146 мың теңге айыппұл салынды. Салмақтық параметрлерін бұза отырып жол жүру үшін мемлекет кірісіне алым 132 млн.180 мың теңгені құрады.
Аталған бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.
ҚР ИИДМ Көлік комитетінің баспасөз қызметі