Шымкент қаласы бойынша карантин уақытында жолаушыларды заңсыз тасымалдаған тасымалдаушыларға бақылау жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласы бойынша карантин уақытында жолаушыларды заңсыз тасымалдаған  тасымалдаушыларға бақылау жұмыстары жүргізілді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің ақпараты бойынша коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында 2020 жылдың шілде айының соңына дейін облысаралық және қалааралық автобус көлігімен жолаушыларды тасымалдау тоқтатылған болатын.

Осы орайда, Шымкент қаласында көліктік бақылау органдарымен автомобиль көлігінің барлық түрімен жолаушыларды және багажды тасымалдау  бойынша көліктік бақылау жұмыстары жүргізілді. 

Бақылау жұмыстардың нәтижесінде ағымдағы жылдың 20 шілдесінде жолаушылар мен багажды заңсыз тасымалдауды жүзеге асырған 3 автобус көліктері тоқтатылып, тексерілді.

Тексеру барысында Шымкент қаласынан Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына жолаушыларды карантин режиміне қарамастан арнайы отырғызу алаңынан тыс орындарнан жолаушыларды тасымалдағандары анықталды.

Осыған сәйкес, жеке және заңды тұлғаларға  карантин режимін  бұзу мен жолаушылар және багаж тасымалдау қағидасының талаптарын бұзғаны үшін Көліктік бақылау инспекциясы және Шымкент қаласы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті тарапынан әкімшілік істер қозғалды.

Жоғарыда аталған заңсыз тасымалдауды болдырмау және халық арасында түсіндірме жүргізу мақсатында, ағымдағы жылдың 21 шілде күні жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының және теле арналарының қатысуымен баспасөз брифинг өткізілді. 

Алдағы уақытта Шымкент қалалық көлік прокуратурасымен бірлесіп, карантин режимі кезінде автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдау саласына күшейтілген бақылау жұмыстары жалғасатын болады.