ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ КӨЛІК КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖӘНІБЕК ЖҰМАҰЛЫ ТАЙЖАНОВ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ КӨЛІК КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖӘНІБЕК ЖҰМАҰЛЫ ТАЙЖАНОВ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Жәнібек Жұмаұлы Тайжанов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Тайжанов Жәнібек 1982 жылы туылған, жоғары білімі бар, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Қазақ жол және қатынас университетін және Азаматтық авиация академиясын бітірген.

Өзінің еңбек жолын Тайжанов Жәнібек 2003 жылы Алматы қаласындағы "Темір жолы сауда үйі" ЖАҚ жаңа бағыттар бөлімінің бас маманы ретінде бастады.

Сондай-ақ, Инвестициялық бюджетті іске асыру бөлімінің бас маманы, "ҚТЖ" ҰК" АҚ -"Ғылыми-өндірістік орталық" инвестициялық жобалар бөлімінің бас маманы (2004-2006), "Магистраль Қауымдастығы" ЗТБ бас маманы (2006), Мамандандырылған жылжымалы құрамды, механизмдерді, автокөлікті жөндеуді және жолды жөндеуді ұйымдастыру бойынша бөлімінің бастығы, Инвестициялық саясат басқармасының бастығы, "Магистральдық желі дирекциясы" тарифтер және баға белгілеу басқармасының бастығы (2006-2011), Көкшетау қаласындағы "ҚТЖ" ҰК" АҚ "Ақмола магистральдық желі бөлімшесі" филиалы директорының орынбасары (2011-2014), Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің директоры (2014-2018) болып жұмыс істеді.

Тағайындалғанға дейін Тайжанов Жәнібек ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Халықаралық экономикалық интеграция департаментінің директоры қызметін атқарды.