
Бейнеконференция форматында Қазақстан мен Эстония көлік және инфрақұрылым ведомстволарының басшылары Марат Қарабаев пен Владимир Света арасында қазақстандық және эстониялық бизнестің 60-тан астам өкілі, теңіз порттары мен экспорттаушылар өкілдерінің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.
Келіссөздер барысында тараптар порт инфрақұрылымы саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетін және қазақстандық тауарларды Эстония порттары арқылы транзитпен экспорттау мүмкіндігін талқылады.
Қазақстан мен Эстония арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға және сауда-экономикалық өзара іс-қимылды жақсартуға ықпал ететін көлік маршруттарын дамытуға ерекше назар аударылды.
Қазақстан мен Эстония көлік ведомстволары басшысының кездесуінің қорытындысы бойынша көлік логистикасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендігі айтылды. Бұл Қазақстан мен Эстония арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға ықпал етеді.