"Қызылорда-Жезқазған" күре жолы: Қызылорда облысының аумағымен өтетін жол учаскелеріне жауапты мердігер ұйымдардың алдына 190 шақырым жолдың 140 шақырымына асфальт төсеу міндеті қойылды

"Қызылорда-Жезқазған" күре жолы: Қызылорда облысының аумағымен өтетін жол учаскелеріне жауапты мердігер ұйымдардың алдына 190 шақырым жолдың 140 шақырымына асфальт төсеу міндеті қойылды

Көлік министрі Марат Қарабаев өңірлерге жұмыс сапары аясында "Қызылорда-Жезқазған" тас жолының құрылыс жұмыстары барысын тексерді. Ұлытау облысының аумағындағы сегіз учаскенің құрылысымен айналысатын төрт мердігер ұйым анықталды. Олардың алдына биыл күзде құрылыс жұмыстарына кірісіп кету міндеті қойылды. 

Ал Қызылорда облысының аумағындағы жол учаскелерінде құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталды. Құрылысқа шетелдік және жергілікті компаниялар жұмылдырылды. Бес асфальтбетон зауыты мен арнайы алты ұсақтау қондырғысы жұмыс жасап тұр.

Қызылорда облысының аумағы бойынша құрылыс жұмыстары бес учаскеде жүріп жатыр. Биыл мердігер ұйымдардың алдына 190 шақырым жолдың 140 шақырымын аяқтап беру міндеті қойылды. 

Жалпы Қызылорда аумағы бойынша өтетін жол учаскелеріне 120 шақырым жаңа асфальт төселді (төменгі қабат).

Құрылысқа 900 маман және 450 арнайы техника жұмылдырылды.