
Ел өңірлеріне жұмыс сапары аясында Көлік министрлігінің басшысы Марат Қарабаев республикалық маңызы бар жолдардағы құрылыс жұмыстарын тексеруде. Министр құрылыс жұмыстарын қадағалау барысында автокөлікпен жүріп өтеді.
Марат Қарабаев Қызылорда және Ұлытау облыстарына барып, "Қызылорда-Жезқазған" автожолының жағдайын тексерді.
Жалпы, жұмыс сапары барысында министр Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан өңірлеріне барады. Бұл өңірлерде Марат Қарабаев «Қарабұтақ-Хромтау-Ақтөбе», «Атырау-Астрахан», «Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы» және «Өнеге-Бисен-Сайқын» және т.б. жолдардың құрылыс барысын тексереді.