
11 шілде күні Көлік министрлігінің Аппарат басшысы Е.Мұқаев пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары С.Мұксимовтың жетекшілігімен кеңес өтті
Отырыс барысында көлік саласындағы мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша жүргізілген талдау нәтижелері талқыланды. Президенттің «Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту шаралары туралы» Жарлығын іске асыру шеңберінде Көлік министрлігі, МҚIA, жергілікті атқарушы органдар және ведомстволық бағынысты ұйымдар өкілдерінен тұратын жұмыс тобымен талдау жүргізілді. Негізгі мақсат – ведомстводағы шектен тыс бюрократизм мәселесін зерделеу және бағалау, сонымен қатар оны жою шараларын ұсыну.
Отырыс барысында жүргізілген талдау қорытындылары талқыланды, онда 110 ұсыныс әзірленгені туралы атап өтілді, оның 15-і ұйымдық құрылымға, 7-і функционалдық блокқа, 12-сі ведомстволық бағынысты ұйымдарға, 9-ы әкімшілік рәсімдерді автоматтандыруға жататындығы аталды.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру бойынша талдау жүргізілді, атап айтқанда, мемлекеттік қызметтерді проактивті форматқа ауыстыру, экстерриториалды түрде көрсету, қызмет көрсету мерзімдерін қысқарту, артық талаптарды жою, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын НҚА-дағы қайшылықтар және т. б.
Талдау нәтижелері бойынша әзірленген ұсыныстар тиісті министрлік қызметіндегі қажетсіз бюрократияны барынша азайтуға көмектеседі деп күтілуде.