Көлік министрлігіндегі қоғамдық кеңес жолаушылар тасымалы мәселелерін қарастырды

Көлік министрлігіндегі қоғамдық кеңес жолаушылар тасымалы мәселелерін қарастырды

Көлік министрлігі қоғамдық кеңесінің отырысында автокөлікпен жолаушылар тасымалы мәселелері және ҚР Көлік министрлігі бюджетінің жобасы қаралды

Талқылауға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты. Қоғамдық кеңес мүшелері жолаушылар тасымалының сапасы мен қауіпсіздігін арттыру үшін заманауи және қауіпсіз көлік құралдарын енгізу қажеттігін атап өтіп, жолаушылар автобустарының паркін жаңартудың қазіргі жай-күйін талқылады.

Сондай-ақ автокөлік кәсіпорындары үшін субсидиялар түріндегі мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылды. Бұл шаралар автопаркті жаңарту жұмыстарын ынталандыруға және тасымалдаушылардың жұмыс жағдайларын жақсартуға бағытталған.

Қоғамдық кеңес мүшелері бейінді министрлікке жолдарда тасымалдаушылардың қызметін бақылауды автоматтандыруды қамтамасыз ету және автобустарда жол жүру ақысын төлеу үшін электрондық билеттеуді бақылауға алу жөнінде ұсыныстарын айтты.

Қоғамдық кеңес 2025-2027 жылдарға арналған бюджет жобасын іске асыру елдің көлік инфрақұрылымын едәуір жақсартуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Бұл өз кезегінде елдің көлік жүйесінің дамуына ықпал етеді күтілуде.