
2024 жылғы 15 маусым күні ҚР Көлік министрі Қарабаев Марат Кәрімжанұлы Павлодар облысының тұрғындарымен кездеседі. Күн тәртібіне сәйкес ҚР Көлік министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер қаралады.
Кездесу сағат 11:00-де Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32 мекенжайы бойынша орналасқан Павлодар қаласы әкімдігінің ғимаратында өтеді.
Өңір тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кездесуге шақырамыз.
Толық ақпарат үшін телефон: +7 707 808 60 70, Дәулет Сәмбетбаев