Көлік министрлігінде әкімшілік істерді қарау барысында туындайтын мәселелер талқыланды

Көлік министрлігінде әкімшілік істерді қарау барысында туындайтын мәселелер талқыланды

Көлік министрлігінде өткен семинар барысында мемлекеттік органдарға қарсы әкімшілік істерді қарау барысында туындайтын мәселелер талқыланды

Жиынға ведомство аппаратының басшысы Ерболат Мұқаев және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы хатшылығының меңгерушісі Салтанат Шамшинурова қатысты.

Әңгіме барысында Заң департаментінің директоры Б.Төлеубаев осы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша әкімшілік істерді қарау бойыншатуындаған сот практикасына талдау жасады. Өз кезегінде Жоғарғы Соттың өкілі қатысушыларды сот практикасымен және аталған санаттағы істер бойынша статистика мәліметтерімен таныстырып, проблемалық мәселелерді қатысушылармен бірлесе отырып егжей-тегжейлі талқылады

Айта кетерлігі, семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар сот істерін қарау саласындағыпрактикалық білімдерін кеңейту мүмкіндігіне ие болды