
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің ұжымы Көлік комитетінде ұзақ жылдар қызмет еткен әріптесі Дидар Манапұлы Рақышевтің мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты, марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.
Дидар Манапұлы, Көлік саласын дамытуға өз үлесін қосып, 15 жылдан аса уақытын осы салада жұмсады. 2009-2011 жылдары көлік саласындағы техникалық байқауды бизнес ортасына беріп, Заң жобасын әзірлеуге ат салысты. Әріптесіміз, «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру мен көліктік бақылау саласы бойынша аянбай еңбек етті. Соңғы жылдары еліміздің экспортын ілгерілетуге қосқан үлесі мен жемісті еңбегі өзінің кәсіби маман екенін көрсетті. Ұжымда қадірлі, отбасында асқар тау әке еді. Үш бірдей баланы дүниеге әкеліп, балаларына тәлім-тәрбие беріп, үлгілі-өнегелі отбасы болатын. Артында қалған отбасы мен туған-туыстарының қайғыларына ортақтасып, барша әріптестерінің атынан көңіл айтамыз. Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа, иманы саламат болсын!