ҚР Көлік министрлігі 2024 жылы Абай, Павлодар, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстарында кеме қатынасы су жолдарында навигацияның ашылғаны туралы хабарлайды.
Шығыс Қазақстан облысында навигация ағымдағы жылдың мамыр айының бірінші жартысында ашылады.
2024 жылға арналған флоттағы апаттылықтың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары шеңберінде Министрліктің аумақтық органдары навигация ашылғанға дейін барлық өңірлерде кеме жүргізушілерінің, шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу орталықтарының басшыларының, шағын көлемді кемелердің тұрақ базалары мен жалға беру пункттерінің иелерінің қатысуымен кемелердің, оның ішінде шағын көлемді кемелердің жүзу қауіпсіздігі және көлік оқиғаларын талдау бойынша семинарлар өткізілді.
Ағымдағы жылдың басынан бастап кемелерді қауіпсіз пайдалануға дайындық шеңберінде Министрліктің аумақтық органдары 73 шағын көлемді кемені және 42 ішкі суда жүзетін кемені қарады, оның нәтижелері бойынша 37 Әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Шағын көлемді кемелерді және олардың тұрақтары үшін базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларына сәйкес шағын көлемді кемелерді пайдалануға су айдыны мұздан толық тазартылған сәттен бастап ғана жол беріледі.
Сонымен қатар, Министрлік кеме капитандары мен шағын көлемді кеме жүргізушілерінің кемелерді қауіпсіз пайдалануға бағытталған нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау қажеттігін еске салады.