Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

         Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын!

          Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату. Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Мемлекеттік қызметкер – мемлекеттің айнасы.

         Құрметті әріптестер!

         Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отыра, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, елімізге тыныштық тілеймін!

         Еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!

Құрметпен, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Көлік комитетінің төрағасы Самат Гилимов

 

23 маусым 2020 жыл

Нұр-Сұлтан қ.