
Алматыда Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан авиациялық биліктерінің тұрақты өкілдерінің, сондай-ақ Молдова өкілінің бақылаушы ретінде қатысуымен авиациялық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіру тобының екінші отырысы өтіп жатыр
Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіру тобы 2022 жылы құрылған. Аталған топтың жұмысы ИКАО-ның Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық жоспарының негізгі басымдықтарына қол жеткізуге және ИКАО стандарттары мен ұсынылған тәжірибесін сапалы енгізуге бағытталған.
Отырыс шеңберінде Үйлестіру тобына қатысушы елдердің ИКАО авиациялық қауіпсіздігі жөніндегі аудитке дайындық, авиациялық қауіпсіздік желісі бойынша заңнаманы үйлестіру мәселелері қаралатын болады. Бұдан басқа көрші елдердің авиациялық билігі азаматтық әуе кемелерінің және әуежайларды пайдаланушылардың қауіпсіздік мәдениетін енгізу процестері мен бағалау іс-шараларының тәжірбиесін зерделейтін болады.
Сондай-ақ қатысушылардың назарына қазақстандық тараптың Еуразиялық азаматтық авиация конференциясын (EurAsian Civil Aviation Conference) құру туралы бастамасы ұсынылды. Үйлестіру тобының жұмысы қатысушы елдердің авиациялық әкімшіліктері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және ИКАО авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің Жаһандық жоспарын іске асыру шеңберінде азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау жүйесін жақсартуға ықпал ететін тағы бір қадам болып табылады.