
Қазақстандық тараптың Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің ірі стратегиялық порттары мен логистикалық орталықтарының серіктестік желісін құру және оның жұмыс істеуінің тұжырымдамасының жобасын талқылау бойынша кезекті төртінші сараптамалық отырыс бейнеконференция форматында өтті.
Отырыс барысында тараптар Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің тиімді тасымалдауларына ішкі және халықаралық қажеттіліктерді қамтамасыз ететін қолжетімді, тиімді және қауіпсіз көлік-логистикалық қызметтерді дамыту арқылы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің экономикалық өсуіне жәрдемдесу болып табылатын Тұжырымдама жобасын талқылады.
Кезекті сараптамалық отырыс биыл 16 және 17 сәуірде бейнеконференция форматында өтеді деп жоспарланып отыр.