
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Әдеп жөніндегі уәкіл Тансила Мұздыбекова Көлік министрлігінің қызметкерлері үшін «Мемлекеттік қызметтегі әйел мәртебесі тақырыбында дәріс оқыды. Алқалы жиын пікір алмасу форматында өтті.
«Мемлекеттік қызметтегі әйел мәртебесінің жылдан жылға артып келе жатқандығы қуантады, әрине. Министрлігімізде Халықаралық әйелдер күні қарсаңында түрлі тақырыптық шаралар ұйымдастыру дәстүрлі түрде жалғасын тауып келеді.Бұл тұрғыда анаға құрмет, жарға жанашырлық, қызға қамқорлық –ұлтымыздыңбасты ұстанымдарының бірі болып қала бермек.Президент өз сөзіндеМемлекеттік аппараттағы әйелдердің үлесі 55 пайызға жуықтағанына қарамастан, басшылық құрамда бұл көрсеткіш 39 пайыздан аспайды. Әйелдерді қызметке тарту керек. Біріншіден, ер адамдар ренжімесін, әйелдер жұмысқа өте мұқият, тиянақты қарайды. Ер адамдармен салыстырғанда, жемқорлық әрекеттерге бейім емес» деген болатын Бұл Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметте жүрген әйел азаматтардың қызметіне қатысты берілген ең жоғары баға, үлкен сенім деп білеміз», – деді Т.Мұздыбекова.
Өз сөзінде Әдеп жөніндегі уәкіл сондай-аққызметте жүрген әйел отбасы мен бала тәрбиесінқатар алып жүргенін тілге тиек етті.
Бала тәрбиесі – маңызды мәселе. Бұл орайда әйел-ананың отбасы өмірі мен бала тәрбиесіне көбірек көңіл бөлуі үшін тиісті мүмкіндіктер әлі де қарастырылуы қажетБолашақта бұл әйелдерге өз әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беріп, түрлі салада жаңа жетістіктер мен мансаптық өсу үшін ынталандыру керек – деп түйіндеді спикер.
Жалпы халқымыздың 51 пайызын әйелдер қауымы құрайтынын ескерсек, елдегі саяси өмірге де барлық азаматтың тең дәрежеде қатысуын қамтамасыз ету маңызды. Қазір мемлекеттік басқару ісінде, саясатта, бизнесте әйелдер үлесі біршама артты.
Ғылыми-зерттеулерге сүйенсек, мемлекеттікқызметтегі кем дегенде 30 пайызы басшы әйелдер болса, ол адами капиталдың дамуына, елдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының артуына оң ықпалы бар. Өйткені қазір қоғам әйел сұлулықтың, қамқорлықтың, үй жылуының нышаны ғана емес, қайсарлық пен қайраттың да тұлғасы екенін жақсы түсінді. Яғни, әйелдер отбасы ғана емес, бүкіл қоғамның дамуында маңызды рөл атқарады.