
Жақында, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласына қарасты Дружба саяжай ауданының жанында Шаған өзенінде суға түсу барысында Е. Аннаньева есімді азаматшаны белгісіз тұлға моторлы қайықты басқара отырып, қағып кеткен. Оқыс оқиғаның салдарынан азаматша оқиға болған орында көз жұмды.
Бұл туралы куәгерлердің көмегімен жергілікті полиция қызметінің 102 номеріне хабарласып, көлік оқиғасы бойынша хабар берген.
Оқиға орнынан қашып кеткен белгісіз тұлғаның үстінен қылмыстық кодексінің 344 бабының 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Қазіргі таңда, дереу-іздестіру жұмыстары бойынша Орал қалалық полиция қызметкерлері қылмыскерге қатысты іздестіру жұмыстарын жүргізуде.
Сондай – ақ, кеменің қайдан және қайда бара жатқаны, оның көлемі, жүкке шөгу немесе бос және жүктің түрі мен оның саны, сонымен қатар, кеме экипажының мүшелері туралы мәліметтер, ондағы жолаушылар саны әзірге белгісіз.
Айта кетсек, Қазақстан аумағында 1-маусымда «Скутер» республикалық акциясы басталған болатын.
Онда, суға шомылу маусымы ашылған соң жасанды және табиғи су айдындарында адамдар мен кемелер көптеп жиналады. Тиісінше, адамдардың өміріне қауіп төндіріп, денсаулығына зиян тигізетін кемелерде көлік оқиғаларының туындау тәуекелі артады.
Шара мақсаты - шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету, елдің су айдындарында апаттық жағдайлар мен экологиялық қауіп-қатерді болдырмау, жазатайым оқиғалар мен адамдардың қаза болуын азайту болып табылады.
Еліміз бойынша Аумақтық көліктік бақылау органдарының қызметкерлері суға шомылу маусымы ашылған уақыттан бастап, апаттық жағдайлар мен экологиялық қауіп-қатерді болдырмау мақсатында өз жұмыстарын атқарады.
Егер су көлігіндегі қауіпсіздік ережелері бұзылған оқиғалардың куәгері болған жағдайда, Көлік комитетінің Ахуалдық орталығының тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефонына хабарласуға болады: 8(717-2)98-35-35, сондай-ақ фото және бейне материалдарды What'sApp messenger арқылы 8-708-088-08-00 нөміріне жіберуге болады.