ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТА АВТОМОБИЛЬМЕН ЖҮК ТАСЫМАЛДАУ КӨЛЕМІНІҢ ҮЛЕСІ АРТТЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТА АВТОМОБИЛЬМЕН ЖҮК ТАСЫМАЛДАУ КӨЛЕМІНІҢ ҮЛЕСІ АРТТЫ

2017 жылдың қорытындысына сәйкес, Қазақстан мен басқа елдер арасындағы жүктерді тасымалдау көлемі 8,8 млн. тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш 2016 жылдың көрстекішіне қарағанда 4%-ға немесе 355,5 мың тоннаға артық. Қазақстандық тасымалдаушылардың да үлесі 6 %-ға өсіп, 52%-ды құрады.

Бүгінгі таңда елімізде 3,5 мыңға жуық халықаралық тасымалдаушы жұмыс істейді.  Оларда 17 мың автокөлік құралы бар.

2017 жылы халықаралық автомобиль қатынасын жолға қою бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Қараша айының 17 күні Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы келісім күшіне еніп, 2018 жылдың 8-ші қаңтарында Шымкент-Ташкент автобус бағдары іске қосылды.

3-сәуірде Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы автомобиль қатынасы жөнінде келісімге қол қойылды.

6-шілдеде ҚР және Сербия үкіметтері арасында жүктерді екіжақты және транзитті рұқсат құжатын алмай тасымалдауды енгізуді қарастыратын халықаралық автомобиль қатынасы жөніндегі келісім күшіне енді.

18-желтоқсанда Қазақстан мен Норвегия арасында халықаралық автомобиль тасымалдары жөніндегі келесім күшіне енді.

Дания, Португалия елдерімен осындай келісімдерді жасасу мәселесі бойынша жұмыстар атқарылуда. Армения, Грузия және Түрікменстан елдері арасындағы келісімдерге өзгерістер енгізу келісілді.

2018 жылы Қазақстан 40 елмен рұқсат бланкілерімен алмасу квотасын бекітті.