
ҚР Көлік министрлігі «Ашық бюджеттер» порталында 2023 жылы гуманитарлық көмек көрсетуге 310 341,9 мың теңге көлемінде қаражат бөлу туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше жағдайлар резерві есебінен іс-шараларды өткізу» 100 бюджеттік бағдарламасы бойынша ақпарат орналастырған болатын. Оның ішінде, Тәжікстан Республикасы – 77 342,8 мың теңге; Ауғанстан Ислам Республикасы – 216 063 мың теңге; Қырғыз Республикасына – 16 936,1 мың теңге.
Порталда орналастырылатын көлемді ақпаратқа байланысты техникалық сипаттағы қате орын алған. Атап айтқанда, бюджеттік бағдарлама бойынша мың теңге болып көрсетілуі тиіс сомалар теңге болып көрсетілген. Министрлік аталған порталда тиісті түзетулерді енгізіп жатыр.