Көлік министрі Солтүстік Қазақстан облысында өңір тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке қабылдады

Көлік министрі Солтүстік Қазақстан облысында өңір тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке қабылдады

Жиынға автомобиль жолдары, теміржол және су көлігі, азаматтық авиация, автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеттерінің, «ҚазАвтоЖол»ҰК, Жол активтері сапасының ұлттық орталығының басшылары қатысты.

Ашық форматта өткен кездесу барысында жол-көлік саласына қатысты мәселелер көтерілді. Марат Қарабаев Солтүстік Қазақстан облысы министрдің өңірлер бойынша жұмыс сапарларының ішінде 17-ші облыс екенін атап өтті.

Облыс тұрғындары елдің оңтүстік өңірлерімен байланыстыратын әуе қатынасын ашу, Ғабит Мүсірепов ауданындағы Алматы-Екатеринбург республикалық жолының учаскесін жөндеу, Көкшетау-Омбы тас жолы бойынша қиыршық тас таситын көліктерге жүргізілетін бақылауды күшейтуге қатысты сұрақтар қойды.

Сонымен қатар Петропавлда және аудандарда автобус тасымалы, жеке жолаушылар тасымалын дамыту, автобус жүргізушілерінің тапшылығына қатысты мәселені шешуге ықпал ететін D санатындағы жүргізуші куәлігін алу талаптарын жеңілдету бойынша кәсіпкерлердің бастамасы талқыланды.

Жергілікті тұрғындармен кездесуден кейін Көлік министрлігінің басшысы Солтүстік Қазақстан облысының негізгі көлік инфрақұрылымы объектілерінің, атап айтқанда Петропавл қаласындағы теміржол вокзалының, облыс орталығының автовокзалы және «Қызыл-Жар» халықаралық әуежайының жұмысымен танысады.