Құрметті әріптестер! Халықаралық азаматтық авиация күні құтты болсын!

Құрметті әріптестер! Халықаралық азаматтық авиация күні құтты болсын!

Елдегі авиацияның өркендеуі мен дамуына қомақты үлес қосып келе жатқан азаматтық авиация саласы қызметкерлерінің құрметіне орай бекітілген бұл күн Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының шешімімен аталып өтуде

Кәсіби мереке халықаралық азаматтық авиация жөніндегі Конвенцияның қол қойылғанына 50 жыл толуына орай 1994 жылғы 7 желтоқсаннан бастап мерекелене бастады. Аталған конвенцияға сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы мекемесі Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) құрылған болатын.

Жыл басынан еліміздің авиация саласында орын алған жақсы көрсеткіштер жетерлік. Соның бірқатарына тоқталып өтсем.

Жылдың қорытындысы бойынша отандық әуежайлардағы жолаушылар ағыны 25 млн-нан астам жолаушы болады деп күтілуде бұл өткен жылғы көрсеткіштен 22 пайызға артықІшкі тасымалдау көлемі толығымен қалпына келтіріліп, аптасына 50 бағыт бойынша 640 рейсті құрайды.

Жалпы жыл көлеміндеотандық әуе паркі 9 бірлікұшақпен толықтырылды.Әлеуметтік маңызы бар бағыттардың көліктік қолжетімділігін арттыру мақсатында7 облыстағы 23 ішкі әуе маршруты субсидияланады

Бүгінгі таңда Қазақстан 28 елмен халықаралық әуе қатынасын орнатқан. Оның ішінде, биыл 13 елге аптасына 57 рейс жиілігімен 23 бағыт бойынша жаңа рейстер ашылып қайта іске қосылдыҰшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қолжеткізілген деңгейін одан әрі жетілдіру және өңірлік ынтымақтастықты нығайту бойынша жұмыстаржалғасуда

Әуе көлігі инфрақұрылымын жаңғырту шеңберіндееліміз бойынша 4 нысанда тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жеке инвестициялар есебінен Алматы, Шымкент және Қызылорда әуежайларында жаңа жолаушылар терминалдарының құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар Қостанай әуежайында аэровокзалды телескопиялық трап құрылғысымен қамтусынды қайта жаңарту жұмыстары мәресіне жетуге дайынЖоғарыда көрсетілген инфрақұрылымдық жобаларды іске асыружолаушылар тасымалының өткізу қабілетін арттыра түсетіні анық.

Әлемдік тәжірибе негізінде еліміздің 6 әуежайында(Астана, Алматы, Шымкент,Ақтау, Ақтөбе және Қарағанды) арнайы экономикалық аймақтар режимін енгізу ұсынылады. Бұдан басқа, Jet A-1 авиациялық отын стандарттарына көшу бойынша инфрақұрылымды дайындау мәселесі пысықталуда

Жалпы жыл көлемінде атқарылған нәтижелі жұмыс көлемі аз емес. Осы атаулы күні саланың барлық қызметкерін құттықтай отырып, салаға қосқан үлестері үшін алғыс айтамын. Авиация өте күрделі сала, сонысымен де қызық. Аталған салада кәсібилігі мен жауапкершілігі жоғары мамандар еңбек етедіАзаматтық авиация саласы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандықкәсіби жетістіктер тілеймін

Марат ҚАРАБАЕВ, Қазақстан Республикасының Көлік министрі