
Көлік министрінің өңірлерге жұмыс сапары жалғасуда. Ұлытау, Қызылорда және Түркістан облыстарын аралап шыққаннан кейін ол Шымкент қаласына барды. Мегаполисте Марат Қарабаев тұрғындармен кездесіп, азаматтарды жеке қабылдады және жергілікті БАҚ үшін ұйымдастырылған брифингке қатысты.
Кездесуде тұрғындар қаланың қоғамдық көлік жүйесінде орын алған мәселелерді еркін форматта талқылады. Адамдар ескірген техника, бақылаушылардың дөрекілігіне және зейнеткерлерден, мүгедектер мен мектеп оқушыларынан жол ақысын талап ететін қалалық автобус жүргізушілерінің іс-әрекеттеріне шағымданды. Тұрғындар жолаушылар тасымалын субсидиялау мәселесін қайта қарауды, сондай-ақ мемлекеттік автопарк құру мәселесін шешіп, жергілікті атқарушы органдарға Астана мен Алматыдағыдай азаматтардың жеңілдетілген санаттары үшін тегін жол жүруге көмектесуді сұрады.
Сонымен қатар Марат Қарабаевтан басқа министрлікке жеңілдікті шарттармен тұрғын үй алуға қатысты мәселелерді жеткізуді сұрады.
Кездесу және азаматтарды қабылдау қорытындысы бойынша министр жергілікті тұрғындарды толғандыратын бірнеше проблемалық мәселені өз бақылауына алды.