Қазақстанда алғаш рет ИКАО TRIP жолаушыларды сәйкестендіру бағдарламасы бойынша өңірлік симпозиум өтіп жатыр

Қазақстанда алғаш рет ИКАО TRIP жолаушыларды сәйкестендіру бағдарламасы бойынша өңірлік симпозиум өтіп жатыр

Алматы қаласында ҚР Көлік министрлігінің, Азаматтық авиация комитетінің және Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қолдауымен ИКАО Халықаралық азаматтық авиация ұйымының қолдауымен өтетін TRIP жолаушыларды сәйкестендіру бағдарламасы бойынша аймақтық симпозиум өз жұмысын бастады.

TRIP (Traveller Identification Programme) – аймақтық симпозиумы алғаш рет Қазақстанда өткізіліп отыр және жолаушыларды сәйкестендіру процесін басқарудың аспектілері бойынша ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін әлемдік деңгейдегі іс-шара. 

TRIP аймақтық симпозиумының ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Авиациялық қауіпсіздік және формальдылықты оңайлату секторы директорының орынбасары Сильвэн Лефуайе, сондай-ақ ИКАО-ның бұрынғы Бас хатшысы Реймонд Бенджамин сөз сөйледі.

ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев өз сөзінде Қазақстанның авиациялық билігі азаматтық авиацияның қауіпсіз дамуын және әуе транзитінің тартымдылығын арттыруды қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, Қазақстанда азаматтық авиация саласын басқарудың жаңа тәсілдерін енгізу және ұшу қауіпсіздігінің әлемдік стандарттарға сәйкестігі деңгейін арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

ИКАО авиациялық қауіпсіздік және формальдылықты жеңілдету секторы директорының орынбасары Сильвэн Лефуайе формальдылықты жеңілдету бағыты бүгінде ИКАО Кеңесінің маңызды басымдықтарының бірі дейді.

Іс-шара бағдарламасы шеңберінде үш күн ішінде ИКАО-ның TRIP стратегиясының бес элементімен тікелей байланысты 10 сессия өткізу жоспарланған. Атап айтқанда, сәйкестікті растау, машинамен оқылатын жол жүру құжаттары, құжаттарды беру және бақылау, тексеру жүйелері мен құралдары, өзара толықтырылатын ақпараттық жүйелер.

TRIP симпозиумының жұмысына Канада, Франция, Швейцария, Түркия, Катар, Сингапур, Америка Құрама Штаттары, Қытай, Сауд Арабиясы, Австралия, Румыния, Жаңа Зеландия, Германия, Ресей Федерациясы, Әзербайжан, Армения және басқа да елдерден 280-ден астам адам қатысатынын атап өткен жөн.

Симпозиумға Халықаралық көші-қон ұйымы (IOM), халықаралық әуежайлар кеңесі (ACI), халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA), БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының кеңсесі (UNHCR), Интерполдың Бас хатшылығы, Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы, және Еуропалық шекара және жағалау күзеті агенттігі (FRONTEX), сондай-ақ Қазақстан Республикасында ұсынылған шетелдік авиакомпаниялар қатысуда.

Іс-шараға Қазақстан тарапынан мемлекеттік органдардың (ҚР ҰҚК ШҚ, ІІМ МСК, ЦДИАӨМ), ҚР әуежайларының және отандық авиакомпаниялардың өкілдері қатысып жатыр.