Р-23 «Семей-Қайнар» республикалық тас жолын жөндеу: Ағымдағы жұмыстарға шолу

Р-23 «Семей-Қайнар» республикалық тас жолын жөндеу: Ағымдағы жұмыстарға шолу

Қазіргі уақытта республикалық маңыздағы Р-23 «Семей – Қайнар» тас жолының 220-268 шақырымдар аралығындағы учаскесін жақсарту бойынша жұмыстарқарқын алған

Айта кету қажет, бұған дейін жол пайдаланушылары мен қоғам белсенділерінің тарапынан аталған жолға қатысты көптеген шағымдар келіп түскен болатын. Олар 9 елдімекенді қаламен байланыстыратын автомобиль жолының сапасы мүлдем сын көтермейтінін алға тартып, жөндеу жүргізуді сұраған болатын

Жол құрылыс жұмыстарын «Семей жолдары» ЖШС жүргізуде. Жұмыс жоспары 2023-2024 жылдар аралығын қамтиды. Барлық жол жұмыстары «QAZSAURAN» ЖШС бақылауындаекенін айта кеткен жөн

Ағымдағы жылдың қыркүйегінде цемент қосу арқылы ресайклерлеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта қалыңдығы 5 см болатын ыстық асфальтбетон қоспасынан жабын төселіп жатыр

Барлық жұмыстарды аяқтау 2024 жылға көзделген