Көлік министрлері отырысының қорытындысы бойынша бірлескен коммюникеге қол қойылды

Көлік министрлері отырысының қорытындысы бойынша бірлескен коммюникеге қол қойылды

Қазақстан Республикасының көлік вице-министрі Мақсат Калиакпаров Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің көлік министрлерінің жетінші отырысына қатысты

Министрдің орынбасары Зангелан қаласында«Халықаралық көлік-логистикалық дәліз: Зангеланнан даму серпіні» тақырыбында ұйымдастырылғанхалықаралық конференцияға да қатысты. Қатысушылар бүгінгі таңда халықаралық ынтымақтастық бағытында көлік-логистика саласының маңызы артып келе жатқанына ерекше назар аударды. Сонымен қатар көлік саласына жауапты мамандарТүркі мемлекеттері ұйымышеңберінде көлік ынтымақтастығын одан әрі дамытуға бағытталған шешімдерді іске асыруға мүдделі екендерін айтып жеткізді.

Алқалы жиын барысында коммюникеге қол қойылғанын ерекше атап өткен жөн. Аталған құжат автомобиль, теміржол, су көлігі, сонымен біргедәліздерді цифрландыру, бақылау құжаттарын электрондық форматқа өткізу сияқты мәселерді қамтиды.Маңызды құжатқа Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінің көліксаласына жауапты министрлеріменТүркі мемлекеттері ұйымыныңбас хатшысықол қойды.

Сондай-аққазақстандық делегация конференция аясында Баку қаласында өтетін бірқатар сессия мен кездесулерге қатысады деп жоспарланып отыр. Осы ретте Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің көлік министрлерінің келесі отырысын 2024 жылы Қазақстанда өткізу көзделіп отырғанын айта кеткен орынды.