
АвтожолдаркомитетініңтөрағасыТөлеген Абдуллин 19-шы Kaztraffic-2023 көрмесіаясында Қазақстанжолғылыми-зерттеу институты ұйымдастырғанИнновациялар мен инфрақұрылымныңқиылысыжолсаласындамыту формуласытақырыбындағыхалықаралық ғылыми-практикалықконференциясының пленарлықсессиясынақатысты
Төлеген Абдуллин еліміздегіжолдардың ағымдағыжай-күйіжәнеперспективалыавтожол жобаларытуралыайтыпбердіОныңайтуынша, 2023 жылыжалпығаортақпайдаланылатын автожолдардың 11 мыңшақырымыжөндеу жүмыстырымен қамтылған Оның ішінде республикалық желіні дамыту шеңберінде ұзындығы 3,6 мың шақырым болатын 17 құрылыс және реконструкциялау жобасы жүзеге асырылуда. Жылдың соңына дейін 856 шақырымдағы құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланған.
Спикер 2024-2026 жылдарға жоспарланған әрі басымдық берілетін жаңа жобалар туралы да айтып берді.
«Бірінші кезектегі жобалардың қатарында «Ақтөбе-Ұлғайсын», «Жезқазған-Қарағанды», «Сарыағаш қаласын айналып өту»автожолдарын қайта жаңарту бойынша жалпы ұзындығы 877 км алғашқы үш жоба бар. Жобалардың ауқымы үлкен болғандықтан, қалған жобаларды алғашқылардың аяқталуына қарай кезең-кезеңмен іске асыру жоспарланып отыр»,деді Т.Абдуллин
Астанада ұйымдастырылған конференцияда әлемдік маңызы бар жол сарапшылары жол-құрылыс индустриясының заманауи мәселелерін шешуге арналған инженерлік инновациялар мен смарт-технологияларды ұсынады. Екі күндік іс-шара барысында Қазақстан, Германия, Франция, Украина, Өзбекстан, РФ және Беларусь сарапшылары баяндама жасап, тәжірибелерімен бөліспек. Сонымен қатарPIARC Дүниежүзілік жол қауымдастығының өкілдері саланы одан әрі дамыту туралы ойларын ортаға салады
Айта кетерлігі, Kaztraffic-2023 көрмесінің тәжірибе алмасу және жол саласын дамытубойыншаеліміз үшін маңыздылығы зор. Көрмеге қатысушылар жол құрылысы, автомобиль жолдарында қауіпсіздік және цифрландыру саласындағы ең заманауи техникалық әзірлемелері мен өнімдерін таныстырады