Астанада Kaztraffic-2023 халықаралық көрмесі өтеді

Астанада Kaztraffic-2023 халықаралық көрмесі өтеді

15-16 қараша күндері EXPOХалықаралық көрме орталығындаҚР Көлік министрлігінің қолдауымен жолсаласындағы маңызды шара Kaztraffic көрмесі өтеді

Айта кетерлігі, аталған шара 19 жыл бойы үздіксіз ұйымдастырылып келеді. Kaztraffic-2023барысында саладағы үздік жетістіктер мен инновациялық әзірлемелер көпшілік назарына ұсынылатын боладыСондай-ақ жаңа өнімдердің, атап айтқанда жол-құрылыс техникасының, жаңа материалдар мен жабдықтардың тұсаукесері өтеді.

​Көрменің экспозициялық аренасында Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь, Украина, Германия, Франция, АҚШ кәсіпорындары жол құрылысы, жолдарды жөндеу және күтіп ұстау саласындағы үздік әзірлемелерін ұсынады. Павильондарда ғылыми-техникалық бағыт, IT-индустрия, авиация, аграрлық сектор, өнеркәсіптік өндірістің барлық түрі, өндіруші кешен, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық тақырыптары қамтылатын болады

​Шараға қатысу үшін сайтта алдын-ала тіркеліп, шақыру билетін алу қажет. Қатысушылардың жекелеген экспозицияларымен танысу мүмкіндігі бар. Іс-шараға қатысу тегін. Көрме аясында бос орындар жәрмеңкесі де ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр.

​Көрменің бағдарламасы шеңберінде ҚР Көлік министрлігініңАвтомобиль жолдары комитеті, ҚазжолҒЗИ АҚ, ҚазАвтоЖолҰК АҚЖол активтері сапасының ұлттық орталығы РМК өкілдерінің қатысуымен «Инновациялар мен инфрақұрылым: жол саласын дамыту формуласы» тақырыбында конференция өтеді. Ал пленарлық сессиялардың барысында ведомстволық бағынышты ұйымдар тарапынан атқарылып жатқан қызметтің бүгінгі жай-күйі мен жұмыс нәтижелері туралы толық ақпарат ұсынылатын болады.

Көрменің ашылу салтанаты 15 қараша сағат 10:00-де өтеді

Көрмеге қатысты қосымша ақпарат үшін:  87017957228Виктория Шматенкоvs@vs-expocom.com