
Көлік министрлігінде Қазақстан Республикасы Үкімет Аппараты басшысының бірінші орынбасары Ғабидолла Оспанқұловтың төрағалық етуімен алқалы жиын өтті
Кездесу барысында Мемлекет басшысының 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы талқыланды.
Нақты істердің жоспары жазылған маңызды құжаттың орындалу барысын өзара талқылауға бағытталған бұл жиынға орталық мемлекеттік органдардың, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының өкілдері қатысып, Президент Жолдауында айқындалған тапсырмаларды орындау жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша нақты тетіктер пысықталды.