
Жақында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында «Instagram» әлеуметтік желісі бойынша е.karaganda.kz парақшасында Қытай өндірісінің "Shacman" маркалы жүк көлігі «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» автомобиль тас жолының бойында жол төсеміне залал келтіріп, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз көлігін қалтырып кеткен бейне ролик орналастырылғаны анықталған болатын.
Осы жағдайға байланысты ҚР ИИДМ Көлік комитетінің аумақтық көліктік бақылау органдары жергілікті полиция қызметімен бірлесіп жедел әрекет ету барысында «2019-2021 жылдарға арналған Қарағанды облысының автомобиль жолдары бойынша карьерлік автосамосвалдармен жүк тасымалын бақылауды қамтамасыз етудің бірлескен іс-қимыл алгоритмі» шеңберінде 2020 жылдың 29 сәуір күні Қарқаралы ауданы Көктас кентінің жол учаскесінде "Shacman" маркалы 874UIA09, КҚТК MQ00258146 автокөлік құралы табылды. Жүк көлігін өлшеу нәтижесі бойынша рұқсат етілген салмақ параметрлерінен бес тоннадан артық салмақ артқаны анықталды.
Көліктік бақылау органдарының қызметкерлері жүргізушіге қатысты ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 571-бабының 6-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, қысқартылған мөлшерде 111мың.120теңге айыппұл салынып, жүріп өтуі үшін 422 мың 456 теңге алым өндірілді.
Сондай – ақ, тауар-көлік жүкқұжатына сәйкес тасымалданатын жүктің жүкжөнелтушісі "QazKarbon" ЖШС болып табылады, осы мекемеге ҚР ӘҚБК 571-бабының 9-бөлігіне сәйкес жауапкершілік қарау бойынша қысқартылған тәртіпте 69 мың 450теңге айыппұл салынды. Бұдан басқа, жергілікті полиция қызметімен ҚР ӘҚБК 630-бабының 1-бөлігі бойынша жүргізуші жолдарды зақымдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бүлінген жол учаскесіне тиісті жол белгілері орнатылып, жолаушылар үшін қауіпсіз жүру қамтамасыз етілді және толығымен қалпына келтірілді. Қазіргі таңда Көліктік бақылау органдарының қызметкерлерімен еліміздің республикалық маңызы бар жолдарын сақтау мақсатында транзиттік және отандық тасымалдаушылар үшін рұқсат етілген салмақты сақтауға қатысты үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Ақпарат ретінде 2020 жылдың 09 сәуірде Қарқаралы ауданы Матақ ауылының ауданында "Хундай" автокөлігі базасында жылжымалы көліктік бақылау постымен, "Маз" маркалы АКҚ-на, м\н Н346609, м\н 04FBA09, м\н 05FBA09, м\н Н346709 және м\н 346709 көлік бақылау жүргізу барысында жүргізушілер жүкті тасымалдау кезінде автокөлік құралдарының рұқсат етілген салмақ параметрлерінен асып кетуі анықталып, "Алтай полиметаллы" ЖШС филиалының Теректі тау-кен байыту комбинаты ҚР ӘҚБК 571-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, салынған және өндіріп алынған айыппұл сомасы 2 млн.166 мың.840тг. Жол жүру үшін өндіріп алынған алым сомасы 524 мың 682теңге.
ҚР ИИДМ Көлік комитеті