
25 сәуірде Құрық портында «НМСК «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС-не тиесілі "Барыс" жаңа баржасына модульдер тиелді. Мұндай үлгідегі кемелер Құрық-Прорва порты (Каспий теңізінің қазақстандық секторының сол жақ бөлігі) маршрутына габаритті емес модульдерді тасымалдау үшін құрастырылған.
Баржалар Каспийдің таяз су аймақтарында жүктерді тасымалдау үшін арнайы жобаланған. Олардың ұзындығы 113 метр, ені – 21 метр, 4 метрге дейін суға шөгу кезінде максималды жүк көтерімділігі – 5 мың тонна. Бұл Каспий теңізіндегі тасымалдауды жүзеге асыратын бірегей кеме.