
Бүгін ҚР Көлік министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қызметкерлеріне арналған тренинг өткізілді.
«Құмар ойындарға тәуелділік: себептері мен салдары» тақырыбында тренинг өткізуде көзделген негізгі мақсат - мемлекеттік қызметшілер арасында құмар ойындарының зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Тренингті жүргізген психотерапевт Қайрат Қуанышбайұлы лудоманияға шалдығудың негізгі себептерін жанұядағы отбасы құндылықтарының құлдырауымен түсіндіреді. Эксперт лудомания профилактикасы бірінші кезекте ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастарды реттеуден бастау алатындығын атап өтті.
Тренинг соңында мемлекеттік қызметшілер психологиялық тестілеуден өтіп, сондай-ақ маманмен пікір алмасты.