Көлік комитеті мен «Еуразиялық инклюзивті қоғамды дамыту қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі арасында мүгедек адамдардың ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, халық үшін жолаушылар тасымалының қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандумның мақсаты серіктестік қатынастарды орнату және тараптардың ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастығын дамыту болып табылады.
Тараптар мүгедектігі бар адамдардың ерекше қажеттіліктері мен басымдықтарын ескере отырып, жолаушылар көлігі инфрақұрылымы объектілерінің халық үшін қолжетімділік жағдайларын қамтамасыз ету үшін көлік саласында шаралар кешенін жүзеге асыруға күш салатын болады.