Интермодальдық тасымалдар Қазақстанда

Интермодальдық тасымалдар Қазақстанда

      Еліміздің жолаушылар тасымалы нарығы жаңа қызмет түрлерімен толықтырылуда. Бүгінгі таңда жолаушылардың интермодальды тасымалдауды пайдалану мүмкіндігі бар. Интермодальды тасымалдау - бұл әртүрлі көлік түрлері мен қосымша қызметтерді пайдаланатын құрама маршруттар.

Жолаушылар үшін интермодальдық қызметтердің 4 түрі ұсынылған:

1) «Ауысып жол жүру» онлайн сервисі - жүйе поездан поезға ауыстыра отырып, межелі пунктке дейін жол жүрудің ықтимал нұсқаларын таңдайды.

2) «Перроннан үйге дейін» қызметі - Астана қаласы бойынша жолаушыларды «Нұрлы Жол» вокзалынан үйге дейін шаттлмен тасымалдау.

3) «Тапсырысты автобус» қызметі - Астана қаласына поезбен келгеннен кейін жолаушылардың ұйымдастырылған топтарын қала маңындағы және қалааралық қатынаста, оның ішінде поездар жүрмейтін бағыттарда (Баянауыл, Зеренді, Степногорск және т.б.) автобустармен одан әрі тасымалдау.

4) «Тұрақты шаттл» қызметі – «Қосшы қаласы - Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы – Нұрлы Жол теміржол вокзал кешені"бағыты бойынша жолаушыларды шаттлмен күнделікті тасымалдау.

Толығырақ ақпарат келесі сілтемеде: 

https://www.railways.kz/articles/company/news/ao_passajirskie_perevozki_informiruet_o_novoi_intermodalnoi_usluge__regulyarnyi_shattl_vokzal_%E2%80%93_aeroport_kosshy