Көлік комитеті апаттылықтың және қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың алдын алу мақсатында өңірлерге барып жоспардан тыс тексерулер жүргізді

Көлік комитеті апаттылықтың және қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың алдын алу мақсатында өңірлерге барып жоспардан тыс тексерулер жүргізді

ҚР ИИДМ Көлік комитеті Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарының аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп, адам денсаулығына және жылжымалы құрамға айтарлықтай зиян келтіре отырып, елеулі көлік оқиғаларына жол берген кәсіпорындарда жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Тексерулер нәтижесінде адам өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін бірнеше өрескел бұзушылықтар анықталып, заңнаманың талаптары негізінде "Өскемен ЖЭО" ЖШС, "KZ-2022 Құрылыс материалдары комбинаты" ЖШС кәсіпорындарына вагондарды беру-жинауды тоқтату жөнінде шаралар қабылданды.

        Жол берілген бұзушылықтардың себебі теміржолдардың жоғарғы құрылысын қанағаттанарлықсыз ұстау, темір жолдарды ағымдағы күтіп ұстау мен жөндеудің тиісінше жүргізілмеуі болды.

        Теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуының алдын алу бойынша осы жұмыс жалғастырылатын болады.

        Сонымен қатар, теміржол көлігі саласындағы бұзушылықтар бойынша, Сіз ҚР ИИДМ Көлік комитетінің Ахуалдық орталығы келесі сенім телефондарына хабарласа алатыныңызды назарыңызға жеткіземіз 8 (7172)98-35-35 және Whatsapp мессенджері +77000983535.