Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті 2023 жылғы 20 маусымда Астана қ. сағат 15-00-де өтетін «ААШШ МААШ шұғыл жедел қызметтерді шақыру құрылғыларын тіркеу бойынша» арнайы құқық субъектісінің тарифтерін бекітуге арналған «Ғарыштық техника және технологиялар институтты» ЕЖШС-ның өтінімі бойынша Жария тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.
Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген қызметтерге тарифтер жобасын талқылауға мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, тәуелсіз сарапшылар мен арнайы құқық субъектілерін шақырамыз.
Тыңдаулар Zoom қосымшасы арқылы онлайн кездесу режімінде өткізіледі. Сілтеме кездесудің тіркелген қатысушыларына жеке жіберіледі.
Қатысуға өтінімдер 2023 жылғы 12 маусымға дейін, сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін қабылданады.
Қосымша ақпарат алу үшін байланыс:
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті
Ешмухаметов Алмас Сагатпекович уәкілетті органдағы Орындаушы +7 (7172)983-549 / Е-mail: a.eshmukhametov@miid.gov.kz
«Ғарыштық техника және технологиялар институтты» ЕЖШС
Альников Дмитрий Владимирович Орындаушы +7(727)2217795 (вн.310)
Е-mail: info@istt.kz